Технология

Марстағы тікұшақ: қашан ұшатыны белгілі болды

NASA ғарыш агенттігі Марс бетінде алғашқы тікұшақты ұшыру туралы бастама көтерді. Аталған тарих сәт 11 сәуірден кейін жүзеге асауы мүмкін.

NASA тікұшақтың ұшу барысын тікелей бақылауға жағдай жасамақ. Жергілікті уақыт бойынша 12 сәуір күні сағат 3:30-да тікелей эфир арқылы Марс бетіндегі тікұшақтың ұшуын тамашалауға болады.

Ұшу уақыты өзгеруі де мүмкін. Себебі инженерлердің дайындықтары мен аппаратты толық іске қосуына байланысты.

19 ақпанда NASA Марс планетасын зерттеу үшін шағын ғана тікұшақ жібергенін мәлімдеген болатын. Ғалымдардың айтуынша, бұл дрон тікұшақ планетадағы тіршілік көзін табуға көмектеседі.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button