Жаңалықтар

30 қыркүйектен кейін армян мен қырғыз көліктері елден шығарылады

Шетел азаматтары шығаруы тиіс

Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдің көліктері 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін мемлекеттен шығарылуы тиіс. Ондай көліктердің саны 3 мыңға жуық. Осылай дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Серік Түсіпов.

Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдер – бұл Армения мен Қырғыстан. Осы елдің көлігін айдап жүрген шетелдіктер осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін көлігін елден шығаруы керек.

«Мемлекеттік кіріс органының хабарлауынша, мұндай көліктердің саны 3 мыңға жуық. 2020 жылы ел шекарасы жабылып қалғандықтан, бұл көліктерді елден шығарудың мерзімі 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін созылған еді«, – дейді Түсіпов.

Ұқсас мақалалар

Back to top button