Жаңалықтар

Көкөніс қашан арзандайды – министрдің жауабы

Егін мен көкөніс пісті, қазір қысқа жиналып жатыр. Соның арқасында қыркүйектен бастап көкөніс пен жеміс-жидек бағасы арзандайды. Осылай деп болжам жасады елдің сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Министрдің айтуынша, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрі 10,3 пайыздай қымбаттаған. Шетелге экспортталып кеткен көкөністер де елде қымбаттап шыға келді.

Ең көп қымбаттаған өңірлер: Түркістан мен Қарағанды облысы және Елорда.

«Қазір бірақ жағдай тұрақталды. Баға ақырыңдап түсіп келеді. Оңтүстік өңірдің көкөнісі елге жеткізіліп жатыр. Тамыз бен қыркүйек айында баға тағы түседі», – дейді Сұлтанов.

Оның айтуынша, биыл 557 мың тонна сәбіз жиналмақ. Ол да бағаның арзандауына әкелмек.

«Қазір бірақ пияз бен орамжапырақтың бағасы арзандамай тұр. Біздің есебімізше, тамыздың аяғында ғана бұл көкөністің бағасы түсуі мүмкін», – дейді министр мырза.

Cондай-ақ, көкөністің басым бөлігі өсетін солтүстік мен шығыс аймақтарында қыркүйек айында өнім береді. Сол кезде баға тағы түседі деген сенім бар.

Ұқсас мақалалар

Back to top button