Жаңалықтар

Ольга Рыпакова спорттан кетті

Қазақстанның танымал спортшысы, жеңіл атлет Ольга Рыпакова спорттық мансабын аяқтады. Мұны ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

«Менің спорттық карьерамда @olga_saladukha @triplecibarguen сынды тамаша спортшы қыздардың болғаны қатты қуантады. Маған да, оларға да Токио Олимпиадасы – соңғы сәт, соңғы жарыс болды«, – деп жазды ол.

Айта кетейік, Ольга Рыпакова 30 шілде күні Токио Олимпиадасында жарыс жолына шығып, үздік нәтиже көрсете алмады. Үш қарғып секіруден 13,69 метр көрсеткішті көрсетті. Бұл көрсеткішпен іріктеуден өте алмады.

Рыпакованың қанжығасында Олимпиаданың үш медалі бар: Лондонның алтыны, Пекиннің күміс және Рионың қоласы.

Ұқсас мақалалар

Back to top button