Жаңалықтар

Қарбызға нитрат қосылмағанын қалай білеміз?

Қарбыз жеудің нағыз кезеңі енді басталды. Тамыз бен қыркүйек – жаздай жатып, семіп піскен, нитрат қосылмаған қарбыз келетін кез. Бәрі осы уақытта күтеді. Бірақ бұл қарбызға да нитрат қосылмайды деп ешкім айта алмайды.

Ендеше нитрат қосылмаған қарбызды қалай таңдауға, табуға болады. Соны қарастырып көрелік.

Ең алдымен, нитрат қосылмаған қарбыз күннің астында ұзақ жатып, табиғи жолмен, күн сәулесімен піскен бақша өнімі болғандықтан, түсі қанық келеді. Әрі сыртын тоқылдатқанда, тырсылдап толықсып тұрады. Дыбысы күшті, қатты болады. Нитрат қосылған қарбыз ондай күйлі болмайды. Тарсылдақ келеді.

Одан кейін, агрономдардың айтуынша, нитратсыз піскен қарбыздың сыртында кедір-бұдыр болмайды.

Доп-домалақ, жып-жылтыр, жұмыр келеді. Ал қарбыздың сырты безеу басқан бет-әлпет сынды кедір-бұдырлы болса, нитрат қосылуы әбден мүмкін.

Таза піскен бақша өнімінің сырты жатық болады, сабақ жағында тыртығы мен жарығы аз болады. Егер сабақ жағында жарықшақ көп болса, ондай қарбыз піспей тұрып жұлынған деген сөз. Ал сабағы құрғақ, сарғайыңқы келсе бұл – нағыз піскен көкөністің көрінісі. Өйткені ондай қарбыз әбден піскен кезінде алынған деуге болады.

Тағы бір айта кетерлігі, нитратсыз піскен қарбыздың қабығы қалың болмайды. Қабығының түбіне дейін қызарған болса – жақсы белгі.

Ұқсас мақалалар

Back to top button