Жаңалықтар

Бокстан әлем чемпионаты. Шаршы алаңға 4 отандасымыз шығады

Бүгін, 30 қазанда әуесқой бокстан Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының шаршы алаңына төрт отандасымыз шығады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Атап айтқанда, 48 келіге дейінгілер арасында Теміртас Жүсіпов жарыс қожайыны Омер Аметовичпен кездессе, 75 келі салмақ дәрежесінде отандасымыз Нұрқанат Райыс молдовалық Влад Гавриличпен күш сынасады.

80 келіде Нұрбек Оралбай Бразилиядан келген Исаяс Фильгомен жұдырықтасады. Сонымен қатар, 63,5 келі салмақта Санатәлі Төлтаев молдовалық Василий Чеботарьмен өзара мықтыны анықтайды.

Дереккөз
Фото

Ұқсас мақалалар

Back to top button