Жаңалықтар

Биыл бөлінген білім гранттары былтырғыдан көп

Биыл 56 мың грант бөлінген

Қазақстанда білім беру гранттарының саны өткен жылмен салыстырғанда 5 мыңға артқан. Бұл жайлы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Оның айтуынша, биыл бөлінген гранттардың саны былтырғыдан 5 мыңға көп.

Яғни, өткен жылы білім беру гранттарының саны 51 мың болса, биыл 56 мыңға дейін артты. Сондай-ақ гранттарды бөлу кезінде алғаш рет азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін квоталар көзделген.

Биыл білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 75 мыңнан астам өтінім берілді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 13 мыңға артық.

«Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының нәтижелерін 15 тамызға дейін жариялау жоспарланып отыр«, – делінген ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Дереккөз
ҚазАқпарат

Ұқсас мақалалар

Back to top button