Жаңалықтар

Данияр Қайсанов әлемнің екі дүркін чемпионынан жеңілді

Токио Олимпиадасының еркін күрестен ақтық сыны өтіп жатыр. Жартылай финалға шыққан 74 келідегі қазақ балуаны әлемнің екі дүркін чемпионы, ресейлік балуан Заурбек Сидаковпен кездесті.

Бұған дейін отандасымыз жапон және мысыр балуанын жеңген еді.

Алайда жинақы, сауатты күресе білген отандасымыз ресей балуанынан айласын асыра алмады. 11:0 есебімен жеңілді.

Айта кетейік, еркін күрестен енді жарыс жолына шығар бір спортшымыз қалды. Ол – 57 келідегі Нұрислам Санаев.

Ұқсас мақалалар

Back to top button