Жаңалықтар

Данияр Қайсанов өзбек балуанынан жеңілді

Қазақстан құрамасының тағы балуаны Токио Олимпиадасының төрінде ақтық кездесуін өткізді.

74 келідегі Данияр Қайсанов өзбек балуаны Бекзод Абдурахмоновпен белдесіп, айласын асыра алмады.

Қолаға таласқан белдесуден қазақстандық балуан 13:2 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, ел қоржынында еркін күрестен бір медаль бар. 57 келідегі Нұрислам Санаев қоланы қанағат тұтты.

 

Ұқсас мақалалар

Back to top button