Жаңалықтар

Коронавирус көз жасы арқылы жұғады

Сілекей, ауа тамшысымен бірге көз жасы да коронавирус таратады. Үнді ғалымдары жүргізілген зерттеуден осындай қорытынды шықты.

Ғалымдар коронавирус көз жасымен тарауы мүмкін де әлде жоқ па деген сауалдың жауабын табу үшін арнайы зерттеу жүргізген. Коронавирус жұқтырған 120 адамды тәжірибеге алған. Оның ішінде 60 науқас көзі жасаурап ауырғанын айтса, қалған 60-сында ондай белгі байқалмаған.

Көзі ауырған науқастардың көз жасын алып тексерген ғалымдар бұл науқастардың 63 пайызы ауыр халде жатқанын байқаған. Ал қалған 37 пайызында жағдай тұрақты.

Науқастан алынған көз жасының құрамы да тексерілді. 17,5 пайызы COVID-19 вирусының бар екенін көрсетсе, 9,5 пайызы көздің көру қабілеті бұзылғанын байқаған.

«Осыдан ғалымдар коронавирус көз жасы арқылы да тарайды. Бірақ көп емес. Басты тарау жолы – сілекей мен ауа тамшысы» деген қорытындыға келді.

 

Ұқсас мақалалар

Back to top button