Жаңалықтар

Қазақстанда 5,4 млн адам вакцина салдырды

Оның жартысынан көбі бірінші құрамды алғандар

Елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны 5,4 млн адам салдырды.

ҚР денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында осылай делінген.

«2021 жылғы 2 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 5 429 636 адам вакцина салдырды, II компонентті 3 837 063 адам егілген», – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, кешегі мәлімет бойынша елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 – ші компонентін 5 408 959 адам салдырған. 2 – ші компоненті егілгендер саны – 3 799 879.

Ұқсас мақалалар

Back to top button