Жаңалықтар

Токио 2020: Серік Теміржанов жеңіліп қалды

Жарқын жеңіспен бастаған спортшы жеңіліп қалды

Қазақстан боксшысы Серік Теміржанов Токио Олимпиадасының ширек финалдағы жекпе-жегінен жеңіліп қалды.

57 келіде өнер көрсететін қазақ боксшысы қазылар алқасының шешімімен америкалық спортшы Дюк Рэган жеңілді. Бірінші раундта АҚШ боксшысының айласы басым болды. Екінші раундта Серік Теміржанов намысқа тырысып, біраз ұпай жинады. Қазылар алқасының екі мүшесі қазақстандық спортшыға басымдық бергенімен, жарысты құтқара алмады.

Айта кеткен жөн, Серік Теміржанов алғашқы кездесуін жақсы аяқтап, жарыс жолын жарқын жеңіспен бастаған еді.

Осымен қазақстандық төрт боксшы жарыс жолынан шығып қалды.

Ұқсас мақалалар

Back to top button