Жаңалықтар

Tokyo: Қазақстан еркін күрестен алғашқы медальді қоржынға түсірді

Алтыншы медаль

Токио Олимпиадасында еркін күрестен қазақстандық балуан Нұрислам Санаев ақтық кездесуін өткізді. 57 келіде татамиге шыққан отандасымыз бұұлғар балуаны Георги Вангиловпен кездесті.

Отандасымыз жарыс алаңына жарақатпен шықты. Бірақ жеңіске кедергі келтірмеді. Сауатты әдіс қолданып, қарсыласын шаршатып, алты минутта 7 ұпай жинап жеңді. Ал қарсыласы 1 ұпаймен шектелді.

Айта кетейік, еркін күрестен қола медальға таласар тағы бір отандасымыз бар. 74 келідегі Данияр Қайсановтың күресі ертең өтпек.

Ұқсас мақалалар

Back to top button