Психологиялық жасың нешеде?
Психологиялық жас физикалық жастан әлдеқайда кіші немесе үлкен болуы мүмкін. Төмендегі сұрақтарға жауап беріп, жинаған баллдарыңды қос та, өзіңнің психологиялық жасыңның нешеде екенін біл.
1.Қай түстің реңктерін таңдайсың?
Көк – 30 балл
Жасыл – 20 балл
Қызыл – 10 балл
Сары – 40 балл
2.Қай сурет тәбетіңді ашады?
А) Фаст-фуд – 20 балл
Ә) Жеміс-жидек – 10 балл
Б) Көкөніс – 30 балл
В) Теңіз тағамдары – 40 балл
3.Сүйікті сусыныңды таңда.
А) Газды сусындар – 10 балл
Ә) Шай, кофе – 30 балл
Б) Шырындар – 20 балл
В) Таза су – 40 балл
4.TikTok жайлы не ойлайсың?
А) Не екенін білмеймін – 40 балл
Ә) Анда-санда кіріп тұрамын – 30 балл
Б) Мен үшін ең басты әлеуметтік желі – 20 балл
В) Өзім де TikTok-та видео түсіремін – 10 балл
5.Туған күніңді қалай өткізесің?
А) Достарымды қонаққа шақырамын – 20 балл
Ә) Отбасыммен бірге боламын – 10 балл
Б) Тойламаймын – 40 балл
В) Әр кезде әрқалай – 30 балл
6.Сенің сүйікті саяхатың:
А) Жағажай, күн, теңіз – 20 балл
Ә) Еуропа елдеріне тур – 30 балл
Б) Диснейлэндте демалу – 10 балл
В) Эверестке шығу, джунгли ормандарын аралау – 40 балл
60-100 балл арасы:
Рухани тұрғыда өзіңді 18-19 жастан да кіші сезінесің. Аңғалсың, тұрақсыздаусың, соған қарамастан, өмірге риза боп, шын қуана аласың.
110-160 балл арасы:
Психологиялық жасың – 22-25-те. Әрбір проблемаға салмақтылық танытасың. Өмірдің өзін де салмақты қабылдайсың, бірақ көңіл көтеріп, ойын-сауықты да ұмытпайсың.
170-200 балл арасы:
Психологиялық жасың – 30-40-та. Сенің психологиялық зерделілігің мен даналығыңды кез келген адам көре алмауы мүмкін. Сен барлық мәселеде дұрыс приоритет қоя аласың.
210-240 балл арасы:
Психологиялық жасың – 45+. Асыққанды ұнатпайсың, әр нәрсеге салмақты көзқарас танытып, өз ойыңды білдіргенді жақсы көресің. Саған консервативті ұстанымдар сай келеді.