Бизнес

Интернеттегі алаяқтықтан құтқаратын ең қарапайым ереже

Қазіргі уақытта интернеттегі алаяқтықтың кең таралған түрлерінің бірі – «жеткізу қызметі», «шабарман», «пошта арқылы төлем» секілді жалған қызметтерді пайдаланып, ақша ұрлау.

Оның сызбасы да қарапайым: алаяқтар түпнұсқадан айнымайтын сайт жасап, сол арқылы ақшаңызды ұрлайды. Бұл мақалада біз сізге өте қарапайым әрі өте пайдалы ережені үйретеміз. Бұл ереже арқылы сіз алаяқты бірден танитын боласыз.

Мына мысалға қараңызшы!

Алаяқтар OLX сервисінің жалған нұсқасын жасап, Жеткізу (BETA) атты жаңа қызмет түрін ойлап тауыпты. Алғашында 100% сенім ұялатуы мүмкін. Өйткені біз бірнеше секундта ғана жалған жасалған дүниені визуалды түрде анықтап үйренгенбіз. Бірақ бір қарағанда түпнұсқадан ажырата алмайтын дүниеге біз бірден сеніп қаламыз. Назар аударыңыз! Дизайнға емес, домендік атауына мән беріңіз!

Ереже біреу-ақ: жалған домендік атауды түпнұсқадан ажыратып үйреніңіз.

Домендік атау – сіз браузерге енгізген сайттың мекен-жайы. Кейде мессенджерлерде сілтеме түрінде де келеді. Сіз сол сілтеме арқылы өтіп, қандай да бір ресурсқа тап боласыз. Міне, домендік атаудың бір үлгісі: https://kzolx.online/get. Бұл мекен жай қазір жұмыс істемейді, өйткені алаяқтардың ашқан жалған сайты болғандықтан, бұғатталған болатын.

Olx.kz сайтының шын мәніндегі домені қандай екенін есіңізде сақтап қалыңыз.

.kz алдында міндетті түрді olx атауы болады және артық ешқандай әріп немесе сөз қосылмайды. Мысалы: xxxx.olx.kz. Мекенжай olx.kz деп аяқталу керек, бұл өте маңызды. Ал егер керісінше olx.xxxx.kz болса ше? Онда бұл мекенжайдың дұрыс еместігін бірден тануыңыз керек. Ең бастысы – .kz алдында не жазылғаны маңызды.

Тағы бір жалған сайттың үлгісіне қараңыз. Алаяқтар тез арада жаңа сызбаларды ойлап табуға шебер. Бүгін пәтерді жалға беру, OLX жеткізу қызметі болса, ертең тағы бірдеңені шығаруы мүмкін. Бірақ көріп тұрғаныңыздай, сайттың домені: olx.3dsecureti.ru, сіз бұл сайттың алаяқтарға тиесілі екенін бірден түсінесіз. Сондықтан сайттың мекенжайына қарауды дағдыға айналдырыңыз, бұл сізге келеңсіздіктерден аулақ болуға көмектеседі.

Есіңізде болсын! Егер OLX қандай да бір науқан ұйымдастыратын болса немесе жеткізу қызметін іске қосуға шешім қабылдаса, бұл туралы OLX сервисінің әлеуметтік желілерінен, push-хабарламалар немесе email-хабарламалар арқылы білетін боласыз. OLX сервисінің әлеуметтік желілерін қайдан табамыз? www.olx.kz мекен жайы арқылы кірсеңіз, сайттың төменгі жағында әлеуметтік желілердің сілтемесі бар. Ал email-хабарламалар @olx.kz деп аяқталатын мекен жайдан келеді.

Егер сіз жалған домендік атауға тап болсаңыз, OLX қолдау қызметіне хабарласыңыз, сонда өзіңіздің және басқа да адамдардың қауіпсіздігін сақтай аласыз.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button