Технология

Apple компаниясының Орта Азиядағы алғашқы кеңсесі Өзбекстанда ашылмақ

Өзбекстанда америкалық Apple компаниясының алғашқы кеңсесі ашылатын болды. Apple-дың кеңсесі тек Өзбекстанда ғана емес, Орта Азияда тұңғыш рет ашылғалы отыр. Ал, Қазақстанда Apple компаниясы өз кеңсесін қашан ашатыны белгісіз.

Өзбекстанда Apple кеңсесі ашылатыны туралы Өзбекстан Республикасының Ақпараттық технологиялар және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Шерзод Ахматов хабарлады. Нақты қай күні ашылатыны әлі белгісіз. Бірақ кеңсе Ташкент қаласында орналасатыны жайлы нақты айтылды.

Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасының Ақпараттық технологиялар және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Шерзод Ахматов Өзбекстанда Samsung жабдықтарын шығаратын ірі компанияның 4 кеңсесі жұмыс істейтінін атап өтті.

Өзбекстанда Google Commerce, Google Ireland, Google Voice, Samsung Electronics, Netflix, Cleverbridge, Xsolla, Activision Blizzard International сияқты тоғыз шетелдік ірі компания өз еркімен салық төлеуші ​​ретінде тіркелген және Apple Distribution International бұл тізімге сәуір айында қосылды.

Салық кодексіне Өзбекстанда жеке тұлғаларға электронды қызмет көрсететін шетелдік компаниялардың ҚҚС (НДС) төлеуі енгізіліп, заңдастырылды.

Яғни, жуық арада Өзбекстанда жасалған Apple өнімдерін пайдаланатын боламыз.

«Qadam.asia»

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button