Ғылым

ҚазҰУ-ды сағындың ба, досым?

Күзгі Алматыны суреттеудің қажеті жоқ. Алматы өзі-ақ сөйлеп тұр. 

Темирязев көшесін бойлап зулаған автобустардың қатары сиремеген. Тек студенттер жоқ. 

Бұл ҚазҰУ-дың аялдамасы. Қала тұрғындары мен бірен-саран жастар ғана көрінеді. Биылғы карантинге байланысты студенттер онлайн оқып жатқандықтан, қалашықтың аудиториялары бос тұр. Тек докторанттар ғана оқу ордасына келіп-кетіп жүр. 

Бір қабырғаны тұтас алып жатқан кубизм стиліндегі картинаны да сағынған боларсыздар. Жерасты жолында Батырхан Шүкеновтің әні ойнап тұр. Сағынышқа толы ән. 

Иә, бұл ҚазҰУ. Көңіліңді елеңдеткен, аңсатқан, естелігі көп ҚазҰУ. Биыл 1 курсқа түскен студенттер әлі қалашықта қыдырмады. Кітапхананың иісімен тыныстамады. Жатақхананың өмірін көрмеді. Бірақ, ол күн де алыс емес…

Студенттер өз жатақханаларын жазбай танитын. Жатақхананың бұрыш-бұрышы, балкондары, оқу залдары оларды да жақсы таниды. Сырларына, қуанышына, мұңына куә болған.

Бұлар қай жатақханалар, тани алдыңыз ба? 

№17 жатақхана мен №16 жатақхананың ортасында бес қабатты тұрғын үй бар. Оны біз «семейный общага» деп атайтынбыз. Бұл да кезінде ҚазҰУ қызметкерлерінің жатақханасы болған. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жекеменшікке өткен. Қазір мұнда түрлі жастағы отбасылар, пәтер жалдаған студенттер тұрады.

Ал, мына дүкен әлі бар екен. Он жылдың алдында да студенттер осы дүкеннен қарызға азық-түлік алатын. Тіптен, атауы да өзгермепті.

Осы қауыздың жанында, мына көпірдің тұсында қандай естеліктеріңіз бар? Сағындыңыздар ма?

ҚазҰУ да сағынышқа оранып тұр екен. Қалашықтың күзін ұмытпаған боларсыз…

Мына қайыңдар, тал-теректер сіздерді сағыныпты, жас достар.

Жапырақтары сыбдырлап жамырай сәлем айтты!

Ал, мына орындықтар жалғызсырап бос тұр…

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button