Ғылым

Ағылшын тілі өміріңізді қалай өзгертеді?

Ағылшын тілі өмір сүру сапасын жақсартуға тиімді көмектеседі. Сенбейсіз бе? Онда бірге ойланайық.

Ағылшын тілі өз-өзімізді дамытуға қалай көмектеседі?

МИДЫ ЖАТТЫҚТЫРАМЫЗ

Ағылшын тілі сізге жаңа биіктерді бағындыруға көмектеседі және миымызды тек жаттықтырып қана қоймайды, үлкейтеді (тура мағынасында)! Шет тілдерін оқу ми функциясының жақсаруына және гиппокамптың өсуіне әкелетіні дәлелденді. Сонымен қатар, ағылшын тілін үйрену қоғамның нағыз апатына айналған Альцгеймер ауруының ықтималдығын едәуір төмендетеді. Айта кету керек, сіздің даму қарқындылығыңыз сабақ қарқындылығына тікелей пропорционалды. Бұл тілді үйрену үшін жақсы ынталандыру болатыны анық, солай емес пе?

ЖАҢА БІЛІМ ЖИНАЙМЫЗ

Жоқ, біз жаңа лексика немесе грамматика туралы айтып отырған жоқпыз, дегенмен олар да өте маңызды. Біздің айтқымыз келгені, сіз ағылшын тілінен өзіңізді қызықтыратын ақпарат, шешімін таба алмай жүрген сұрақтарға жауап таба аласыз. Өйткені, қазақша немесе орысша контенттен ағылшынша контент әлдеқайда ауқымды. Бұл ғылыми немесе техникалық білім ғана емес, сонымен қатар, жаңа тағамдарға арналған қарапайым күнделікті рецепттер, әйгілі шетелдік психологтардың мақалалары, көркем әдебиет, сән журналдары және т.б. болуы мүмкін.

ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРАМЫЗ

Ағылшын тілін үйрену – күніне 10 сөз жаттау ғана емес, кез келген жаста есте сақтау қабілетін жақсарту. Миыңызды қартаюдан сақтаңыз!

ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТАМЫЗ

Ағылшын тілінде сабақ оқу арқылы жаһандық жылыну, Африкадағы туристік бум немесе ХХ ғасырдағы медицинаның дамуы туралы пікіріңізді білдіре аласыз. Тіпті бұл тақырыптарды қазақ тілінде де талқылымаған болуыңыз мүмкін. Бірінші сабақта жаңадан бастаушыларға өз ойларын еркін айту қиынға соғады. Әдетте, екінші сабақтан бастап, студент жаңа жағдайды тез игере бастайды, сөйлемдерді сауатты құрастыруға үйренеді. Әрбір келесі сабақта жауаптардың жылдамдығы артады. Шет тілінде сөйлей отырып, біз кең және креативті ойлауға үйренеміз.

ПОЗИТИВТІ АДАМДАРМЕН СӨЙЛЕСЕМІЗ

Адам – ​​бұл әлеуметтік болмыс. Сіздің достарыңыз аз ба? Қызықты адамдармен сөйлескіңіз келе ме? Интернет пен ағылшын тілі таптырмас мүмкіндік екенін өзіңіз де жақсы білесіз. Танысу сайттарында, чаттарда, мессенджерлерде достар тауып, сөйлесіңіз. Қызығушылығыңызға қарай әртүрлі клубтар тауып, кез келген тақырыптар бойынша пікір алмасыңыз, біліміңізбен, дағдыларыңызбен бөлісіңіз.

ЫҢҒАЙЛЫ САЯХАТ ЖАСАЙМЫЗ

Бұл жерде саяхаттың бірнеше нұсқасы болуы мүмкін. Біріншіден, сізді ағылшын тілінде сөйлейтін достарыңыз қонаққа шақырғысы келуі мүмкін. Екіншіден, жұмыста іссапарға жіберуі мүмкін. Үшіншіден, шетелдегі студенттермен алмасу бағдарламаларына немесе басқа тағылымдамаларға қатысуға мүмкіндік тууы мүмкін. Шетелге саяхаттау – бұл тілдік ортаға толықтай ену. Сіз үшін ағылшын тілін тездетіп үйренуге және белгілі бір елдің мәдени ерекшеліктерімен танысуға көмектеседі.

ҚЫЗЫҚТЫ ХОББИДІ ИГЕРЕМІЗ

Егер «маған өзіңіздің хоббиіңіз туралы айтыңыз» деген сұрақ сізді қобалжытса, іске кірісетін кез келді. Жұмыс және отбасы болғаны әрине жақсы, бірақ адамда «жан дүниесін рахатқа бөлейтін» жеке кәсіп, кеңістік болуы керек. Ағылшын тілін үйрену тек қызықты ғана емес, сонымен қатар, өте танымал хобби десе де болады.

ӘДЕБИЕТТІ, МУЗЫКАНЫ, ФИЛЬМДІ ТЕРЕҢІРЕК ТҮСІНЕМІЗ

Көркем аудармалар, тіпті ең жақсы аудармалар да ешқашан толық картинаны жеткізе бермейді. Мәтіндерді түпнұсқа тілінде оқып, тыңдап көріңіз. Сізге таныс Моэмнің «Театры» немесе Уайльдтың «Дориан Грейдің портреті» қандай жаңа реңктер беретініне таң қалатын боласыз.

ӨМІРДІ ЖАҚСЫ ЖАҚҚА ҚАРАЙ ӨЗГЕРТЕМІЗ

Сіз өзіңізді бақытты сезінесіз бе? Егер жауап жоқ болса, онда бір нәрсені өзгерту уақыты келді. Әдетте адамдар өзгерістерге өте сақтықпен қарайды. Сіз өміріңізді жақсартуды дәл қазір, дәл осы сәтте бастауыңыз керек. Мысалы, ағылшын тілін үйреніңіз, бұл сізге жаңа таныстар, білім және жаңа жұмыс сыйлауы мүмкін. Кейде бір кішкентай қадам айтарлықтай оң өзгерістер әкеледі.

ӨЗӨЗІМІЗДІ БАҒАЛАУДЫ АРТТЫРАМЫЗ

Жаңа жеңістер өзін-өзі бағалауды арттырады. Өзімізді жақсы көруіміз және құрметтеуіміз керек деп айтқанмен, бәрі бірдей нәтижеге жете бермейді. Әрине,  ағылшын тілі сіздің барлық психологиялық мәселелеріңізді шешпейді, бірақ бұл өзіңізге деген сеніміңізді нығайтуға көмектеседі. Айнадан сіз жаңа білім мен дағдыларға ашық адамды көресіз.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button