Қоғам

Туған күнге арналған ең үздік тілектер топтамасы

Құрметті …!

Туған күнің құтты болсын!

Таңдайыңдағы тәтті тілегің маңдайыңа бақ-құт болып жазылсын! Мына дүниедегі барша жақсылық атаулы жолдасың болғай! Әлемдегі жақсы адамдардың тізімін толтырып жүре бер! Әсем әлемнің әр жақсылығымен жолдас бол! Тұп-тұнық сезім, тап-таза көңіл тілеймін. Басыңа ұйыған бақыттың балқаймағы бұзылмасын. Қар сынды аппақ көңіліңді кір шалмасын! Күрең күндердің көлеңкесінде қалып жабырқаған сәттеріңде жанашырларың жаныңнан табылсын!

***

Бүгінгі қуанышты күнің сенің өміріңдегі игі бастамалардың, шексіз жақсылықтардың, баянды бақыт пен шынайы сезімдердің жаршысы болғай! Өмірің оң қырынан өзгеріс тауып, өресі биік, ісі мен сөзі келіскен көңілі кең, көзі ашық, көкірегі ояу, ниеті адал, жүрегі таза, арманы асқақ, қадамы нық азамат(ша) болып қалыптасуыңа себепші болсын! Әр кез жүзіңнен нұр төгіліп, жайдары қалпыңмен айналаңды қуаныш пен бақытқа кенелтіп, аман-есен жүргейсің!

***

Бұл күн күнтізбеде қызылмен белгіленбеген бізге ғана ортақ мейрам болса да, әлемде осы күнге жетер тамаша күн жоқ. Себебі дәл осы күн – біздің әлем сенімен толыққан күн. Бүгін ғажайып армандар мен жарқын үміттерге толы өміріңнің жаңа кезеңі басталғалы тұр. Біз сені туған күніңмен құттықтап, зор денсаулық, сарқылмас бақыт тілейміз! Егер қып – қызыл шоққа май тамызсаң лапылдап жанады, сенің бағың сол бір тамшы маймен-ақ жансын, сол бағыңнан шыққан жалын сенін өміріңді жарық етсін! Бақытты бол!

***

Болат қандай берік болса, сіздің де денсаулығыңыз дәл солай мықты болсын. Шырша қандай жасыл болса, сіздің де күндеріңіз дәл солай мәңгі қуанышты сәттерге толсын! Мәртебеңіз асқар таудан асып түссін! Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын! Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Дос-жаран мен туған-туыс алдында абыройыңыз әрдайым артып, аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз!

***

Сізді жаңа жасыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Бал ғұмырыңыз балмұздақтай тәтті болсын. Әдемі жүзіңіздегі күлкі ешқашан жиырылмасын. Таңдай таза көңіліңізге кірбің түспесін. Арқаңызды айға, табаныңызды тауға тіреп, кең өмірде кемшілік көрмеңіз. Биігіңіз аласармасын. Сізді қуантуға асық перзенттеріңіздің көрсетер жақсы күндері көп болсын. Өмірде сүрінбей, маңдайыңыз жарқырап тек алда болыңыз! Жаратылғандар аяқтан шалса да, Жаратқан абыройдан айырмасын!

***

Туған күніңмен құттықтаймын! Көктемдей көркіңнен шаттықтың ізін жоғалтпа! Үнемі құлап бара жатсаң құтқаратын, сүрініп бара жатсаң демеп қалатын, жол таба алмай жатсаң бағыт-бағдар беретін, дария секілді тұнық, таза, бағалайтын, сүйеу болатын ардақты азаматты (азаматшаны) жолықтыр! Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, сынаушысы – халық, таусылмасы – арман, ең қымбаттысы – ар, бәрінен ардақтысы – адал өмір сүру және солардың ішіндегі ең тәттісі – сыйластық дейді ғой, ең бастысы, сыйластығымызға сызат түспесін!

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button