Қоғам
Қазақстанда ипотека алушылар көбейді
Қазақстанда бір жылдың ішінде ипотеканың көлемі 500 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл жайлы Ұлттық Банктің деректерінде айтылған.
2021 жылдың 1 наурызына дейінгі қазақстан азаматтары алған тұрғын үй ипотекасының жалпы сомасы 2,32 трлн теңге болса, 2020 жылы дәл осы уақытта 1,82 трлн теңге болған. Яғни, бір жылдың ішінде сома 27 пайыз немесе 503 млрд теңге өскен.
Ипотека ең көп алғандар Нұр-Сұлтан (654 млрд теңге) мен Алматы қаласының (536 млрд теңге), Қарағанды облысының (141 млрд теңге) тұрғындары.
Шығыс Қазақстан мен Ақтөбе облысының да тұрғындар ипотеканы көптеп алуда. Ал Шымкент тұрғындары бір жылда 105 млрд теңгенің ипотекасын алған.
Ал аз алғандар – Түркістан, Қызылорда мен Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары.