Денсаулық & Психология

Тершеңдіктен арылудың ең қарапайым 6 әдісі

Мамандардың айтуынша, адам денесінің ең тершең бөлігі – қолтық. Қолтықасты бездерінің басты қызметі – тер арқылы ағзаны тазарту. Бүгін де 24 сағат бойы терлетпей тұратын антиперспиранттар мен дезодоранттар бар. Бірақ олардың зиянды жағы да бар екенін естен шығармауымыз керек.

Тер арқылы ағзадағы зиянды заттар шығады. Ал сіз оларды антиперспирантпен бөгесеңіз, улы, токсинді заттар ағазаға тарайды. Тіпті арқаға, жауырынға жиналатын тұздар да тер арқылы шықпаған шлактар деседі.

Егер тершеңдіктен құтыла алмай жүрсеңіз, ең бірінші гигиена талаптарын сақтаңыз. Содан соң күнделікті пайдаланатын ас мәзіріне аса мән беріңіз. Міндетті түрде спортпен айналысыңыз.

Сонымен қатар, тершеңдіктен құтылғанша үй жағдайында үздіксіз жасауға болатын қарапайым ем түрлері бар.

1-әдіс:

Антиперспиранттың орнына картоп крахмалын пайдаланыңыз. Аяғыңызға және қолтығыңызға крахмал ұнтағын себіңіз немесе опа секілді мақтамен жағыңыз.

1 тамшы салицил қышқылына 3 шымшым крахмал ұнтағы мен 27 шымшым тальк қосып араластырып, дәрі дайындап, күнде қолтық пен аяққа жағып жүріңіз. Аталған заттарды дәріханалардан іздеңіз.

2-әдіс:

Ас тұзымен жиі терлейтін дене бөліктерін шайып отырудың да пайдасы бар.

1 стақан жылы суға 1 шай қасық ас тұзын ерітіп, мақтаны малып, қолтықты, бақайлардың арасын әр екі сағат сайын сүртіп отыру керек. Немесе таңертең және кешке тұзды сумен жуыңыз.

3-әдіс:

Сәлбен шөбінің тұнбасын ішу арқылы да тершеңдікті түбірімен жоюға болады.

1 ас қасық кептірілген сәлбен шөбін 1 стақан қайнаған суда тұндырыңыз. 0,3 стақаннан күніне 3 рет, тамақтанардан 1 сағат бұрын қабылдаңыз.

4-әдіс:

Егер ауыл-аймақта тұрсаңыз, жаздыгүні арпа сабағын жинап алыңыз.

Оны ұсақтап бөліңіз. Бір уыс алып 1 литр қайнаған суға салыңыз. 1 сағат тұндырып, аяғыңызды, қолыңызды, жалпы жиі терлейтін дене бөліктерін жуыңыз. Егер аяғыңыздан жағымсыз иіс шығатын болса, арпа сабағы араласқан суға 20 минут салып отырыңыз.

5-әдіс:

Көктемде грек жаңғағының жапырағынан мынадай ем жасауға болады:

Грек жаңғағы жапырағын кептіріп, ұнтақтаңыз. 5 ас қасық ұнтақты 1 литр қайнаған суда 1 сағат баяу қайнатыңыз. Оған 1 литр салқын су құйып, аяқ ваннасын қабылдаңыз.

6-әдіс:

Тершеңдікке емен ағашы қабығы да керемет ем.

Емен ағашының қабығын кептіріп, үгіту керек. Содан кейін оны електен өткізіңіз. Ұнтақтың аз бөлігін шұлықтың ішіне салып, күні бойы шұлықты шешпеңіз. Шұлықтағы емен қабығының ұнтағын күнде ауыстырып тұруды ұмытпаңыз.

Емен ағашы қабығы мен арпа сабағының ұнтақтарының тұнбасынан аяқ ваннасын қабылдау да, қолтықты шаю да тершеңдікке ем болады.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button