Денсаулық & Психология

Психологиялық тест: Қай суретті таңдайсыз?

Суреттер сіздің өзіңіз білмейтін мінезіңіз бен қабілеттеріңізді жасырады. Түсі мен кескіні келіскен, өзіңізге ұнайтын бір суретті таңдап, жан-дүниеңіздің құпиясын ашыңыз.

1-сурет

Алаңсыз, қамсыз жүретін көңілді адамсыз. Сіз үшін өмір – еркіндік пен қызықты шақтардан тұрады. Сіз әр сәттен ләззат алуға тырысасыз. Ұраныңыз: «Біз тек бір рет өмір сүреміз!» Жаңа тәжірибеге қызығушылық танытасыз, өзгерістерді жақсы көресіз. Өзіңізді торда отырған құстай сезінгенді жек көресіз. Айналаңызды зерттегенді және тосынсыйды жақсы көресіз.

2-сурет

Тәуелсізсіз, біреудің қойған шарттарымен өмір сүре алмайсыз. Әрдайым өз жолыңызбен жүресіз және өз бағытыңызды таңдауға кедергі болатын факторларды көзге де ілмейсіз. Сізде басқаларды таңдандыратындай әртістік талант бар. Еркіндікті қалайтыныңыз соншалық, басқалар мүлдем күтпеген әрекеттерге де бара аласыз. Трендтегі дүниелерге қызықпайсыз. Сіз өз идеяларыңыз бен сенімдеріңізге сәйкес өмір сүресіз.

3-сурет

Өзіңізді терең танып, ойланғанды, анализ жасағанды жақсы көресіз. Өте сезімталсыз. Өз ішкі әлеміңізді зерттеуден жалықпайсыз. Айналаңыздағылардың бос әңгімесін тыңдағанша, жалғыз қалғанды жөн көресіз. Десе де, достарыңызбен өте жақсы қарым-қатынастасыз және бұл сізге тыныштық, гармония сыйлайды. Жалғыздықта ұзақ болғаннан зерікпейсіз.

4-сурет

Жағымды, жайлы, гармонияда өмір сүретін жансыз. Табиғилық пен қарапайымдылықты ұнатасыз. Адамдарды өзіңізге тартасыз, олар сізге сенеді. Өзіңізге қымбат жандарға қорған боп жүресіз. Таныстарыңыз сіз жайлы мінезі жұмсақ, сезімтал жан деп ойлайды. Сән қуғанды, елдің алдында жүргенді жақтыра бермейсіз. Киінуде ыңғайлы және минималистік үлгіні жақсы көресіз.

5-сурет

Іске келгенде өз қабілеттеріне сенімді, прагматикалық мамансыз. Өз өміріңізді өзіңіз басқарасыз және сәттілікке емес, еңбекке сенесіз. Кез келген мәселені қиындатпай, ең қарапайым жолмен шешкенді жөн көресіз. Өмірге реалистік тұрғыда қарайсыз. Жұмыста сізге бәрі сенім артады, өйткені істі соңына дейін апарасыз және жауапкершілігіңіз жоғары. Бастаған ісіңізді аяқтамайынша тыныш таппайсыз.

6-сурет

Бейбіт өмір сүргенді ұнататын, ақылды, мейірімді жансыз. Адамдармен тез тіл табысасыз, бірақ абай болуды да ұмытпайсыз. Дос табу сізге қиындық тудырмайды, бірақ жалғыз қалғанды да жаныңыз қалап тұрады. Уақыт өткен сайын өз-өзіңізбен қалып, бәрінен демалғыңыз келеді. Ондай кездерде өмірдің мәні жайлы ойлап, философ боп кетесіз. Әйткенмен, жалғыз емессіз. Өз-өзіңізбен гармонияда өмір сүріп, тағдырдың берген бар сыйын бағалайсыз.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button