Медициналық маскалар мен қолғаптардың зияны жайлы не білеміз?
Бір жылдан астам уақыттан бері әлемде пандемия өршіп тұр, сондықтан қолданылатын маскалар мен қолғаптардың саны да айтарлықтай өсті. Шетелдік ғалымдар бүкіл әлемдегі экожүйеге бір реттік қолғап пен масканың қалай әсер ететінін бақылап көрді.
Нидерланды ғалымдары 2020 жылы тамызда OD-West Leiden каналы бойындағы қоқыстарды жинап жатқан кезде латекс қолғабын байқайды. Қолғап ортасынан жыртылып, тесігінен бір нәрсенің құйрығы шығып тұрған. Ол қолғаптың ішіне абайсызда кіріп кетіп, қайта шыға алмаған өзен алабұғасы балығы екен. Бұл қоқысқа тасталған бір реттік маскалар мен қолғаптардың қоршаған ортаға зиянын тигізетінін дәлелдейтін жалғыз мысал емес.
Коммерциялық ұйымға жатпайтын Ocean Conservancy экологиялық компаниясы қоқыстарды жинау іс-шараларын үнемі өткізіп тұрады. Өткен жылы ол басқа қалдықтармен қатар ЖҚҚ (Жеке қорғану құралдарын) жинауға шақырған. Бір жылдан кейін Ocean Conservancy деректерді талдай келе, жалпы алғанда әлемнің 70 еліндегі еріктілер топтары 107 220 ЖҚҚ заттарын жинағанын, олардың көпшілігі маска мен қолғап болғандығын анықтаған.
Ғалымдар соңғы жұмыстарында ЖҚҚ қалдықтарының қоршаған ортаға, жануарлар әлеміне тигізетін залалы туралы бағалау жүргізетіп боп шешкен. Бұл үшін зерттеушілер белгілі бір хэштегтермен әлеуметтік желі қолданушылары түсірген суреттерді пайдаланады. Сондай-ақ, ветеринарлық клиникалар мен орталықтарда маска мен қолғаптарға оралып қалған жануарлар туралы 28 жағдай тіркелгенін есепке алған. Тіпті кейбір елдерде биологтар құстардың ұя салуда масканы қалай қолданатынын анықтапты.