Қоғам

Шаруа: Латифундияны жеңудің жалғыз жолы – ауылға жер беру

Латифундистерді құртудың жалғыз жолы бар: ол – ауыл азаматтарына ғана жер беру. Ауыл адамдары жерге иелік ете алатын болса, қалада жатып ауыл жеріне иелік еткен латифундистер өзі-ақ кетеді.

Осылай деді Жер реформасы жөніндегі комиссияның төртінші отырысында Қызылорда облысының фермері Керімхан Егізбаев.

Елу жылдан астам малмен айналысатын фермердің айтуынша, жер ең алдымен сол ауылдың өзіне, сол ауылда тұрып жатқан адамдарға берілуі тиіс.

«Жердің қамын – ауыл адамдарының өзі-ақ ойлай алады. Егер ауыл адамына жер берілсе, латифундисттер өзі-ақ кетеді. Жергілікті адам жерге иелік ете алады. Оның білімі де, өмірлік тәжірибесі де жетеді. Өмір бойы ауылда тұратын адам жерге де жақсы қарайды«, – деді комиссия отырысында Егізбаев.

Шаруаның айтуынша, ауыл маңындағы жерлердің жетіспеуінің тағы бір себебі – ауылда мал көп. Оны ауылдың сыртына шығару керек.

«Қазақстан жұрты бұрын малмен айналысқан ел. Малды жақсы көреді. Малдан нәпақа табады. Ауылдың ішінде мал ұстау қиын. Бір-екі сиырды ұстауға болатын шығар. Бірақ он, жиырма сиыры бар немесе елу қойы мен одан да көп, бір отар қойы бар адам ауылдың маңында мал ұстай ала ма? Жоқ. Сондықтан ондай шаруаға жатқан қосалқы жерден телім беру керек. Малдың ауылдан сыртқа шығару керек. Әйтпесе ауылда антисанитария«, – дейді Егізбаев.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button