Ғылым

ЖОО студенттері мемлекеттік емтихан тапсыра ма?

Былтыр, 2020 жылғы бакалавр мен магистр түлектері карантинге байланысты мемлекеттік емтихан тапсырған жоқ еді. Тек онлайн түрде дипломдық және магистрлік зерттеу жұмыстарын қорғады. Алайда биылғы түлектерге мұндай жеңілдік берілмейтін тәрізді. Бұған ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауабы дәлел болады. Мұны Zakon.kz хабарлады.

Министрліктің хабарлауынша, биыл мемлекеттік емтихан болады. Бірақ әр өңірде әртүрлі. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты.

«Жоғары оқу орнының 2021 жылғы түлектері міндетті түрде мемлекеттік емтихан тапсырады. Оны тапсыру процедурасын ЖОО әкімшілігі реттейді. Ол үшін Министрлік жоғары оқу орны түлектерін қорытынды аттестациядан өткізу бойынша арнайы әдістемелік нұсқаулық жасады. Соған орай қорытынды аттестацияны өткізудің хал-жайы мен саясатын жоғары оқу орны әкімшілігінің өзі анықтайды. Диплом жұмысын қорғау да жоғарыда аталған рекомендация бойынша жүргізіледі», – деп жауап берді ҚР БҒМ.

Қорытынды аттестация онлайн тұрде өткен жағдайда қатаң тексеріспен өтетінін де министрлік ескерте кетті.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button