Қоғам

Дәрігер еңбекақысы өседі: Қанша ақша қосылады?

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, дәрігерлердің еңбекақысы 2023 жылға дейін 2,5 есе өспек. Мұны ол азаматтармен кездесуде айтты.

«2021 жылы 1 қаңтардан бастап 247 мың медициналық қызметкердің еңбекақысы 30 пайыз өсті. Орта медициналық қызметкерлердікі – 20 пайыз өсті. Ал 2023 жылға дейін дәрігерлердің еңбекақысы 561 мың теңгеге, орта медициналық қызметкерлердікі 210 мың теңгеге дейін көтерілмек», – дейді Цой.

Министрдің айтуынша, қазір ауруханалар мен емханаларда 76 мың адам жұмыс істеп жатыр. Олардың 32 мыңы профильді мамандар. 2020 жылдың өзінде дәрігер мамандығын 2 171 түлек бітіріп шықты.

«Ауылды жерге жұмысқа орналасқан жас мамандарға әлеуметтік жәрдемақы, баспана беріледі. 2020 жылы 836 маманға көтерме ақы, 235 маманға үй берілді. Тағы 73 дәрігерге қолдау көрсетілді», – дейді министр.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button