Ғылым

Қазақстан білім саласының бюджеті қанша – министрдің жауабы

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бюджет қаржысының қанша екенін және оның қайда жұмсалып жатқанын айтты. Мұны Baitassov Live-қа берген сұхбатында айтты.

Білім министрінің айтуынша, халықтың ағарту саласында бөлінген қаржы екі жылдың ішінде екі есе көбейген.

«Қазір білім министрлігінің бюджеті – 1,3 трлн теңге. Осыдан екі жыл бұрын 650 млрд теңге болатын. Білім бюджетінің басым бөлігі мұғалімдердің еңбекақысын беруге, жатақхана мен мектеп салуға кетеді. Ал жөндеу жұмысын жасау, әдістемелік нұсқаулық шығаруға бөлінетін қаржы керісінше азайды. Есесіне, мұғалімдердің еңбекақысын, шәкіратқаны көтеруге, білім беру гранттарын бөлу мен көбейтуге бөлінетін қаржы еселеп өсті. Ғылым саласына да көбірек қаржы құйылып жатыр», – деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.

Қазір білім бюджетіне бөлінетін қаржы елдің ЖІӨ-нің 5 пайызын құрайды. Ал 2025 жылға дейін 7 пайызға дейін жетпек.

«Бұл қаржының бәрі мұғалімдердің еңбекақысын өсуге жұмсалады. Мәселен, соңғы 5 жылдың ішінде мұғалімдердің еңбекақысын беруге 5,3 трлн теңге жұмсалған екен. Бұл қаржының бәрі елдің ішкі экономикасына жұмыс істейді. Соның арқасында педагогтер қазір баспана алуға қол жеткізуде», – дейді білім министрі.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 500 мың теңге еңбекақы алатын мұғалімдер бар – министр

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button