Ұзақ жасайтын адамның генінде ерекше ДНК бары анықталды
Италья ғалымдары ұзақ жасаған адамдардың генетикалық фонын зерттеп, мұндай асыл сүйекті адамдардың генінде арнайы ДНК болатынын анықтады. Бұл ДНК созылмалы, қатерлі аурудың алдын алып, оны тоқтатып тастауға қауқарлы екен.
Аталмыш зерттеу жұмысы eLife ғылыми журналында 4 мамыр күні жарияланды. Мұндай зерттеу жұмысы генетика ғылымында бірінші рет жүргізіліп отыр. Ғалымдар 105-тен асқан адамдардың генін жинап, мұқият зерттеп, «экстремалды ұзақ жасаудың» сырын ашты.
Ғалымдардың айтуынша, ұзақ жасайтын адамдардың ғұмыры әу бастан белгілі болады екен. Яғни, мұндай адамдардың генінде арнайы ДНК тобы болады. Сол қатерлі ауруларды тоқтатуға, ағзаға, генге түсіп кетуінен қорғайтын көрінеді.
«Біз сау қартаюдың сырын ашу үшін Италия тұратын 105-тен асқан адамдардың гені мен жастардың генін салыстырып көрдік. 105 пен 110 жастан асқан адамдардың генінде COA1 және STK17A атты ерекше ген болатынын байқадық. Бұл генді зерттей келе, 100-ден асқан басқа адамдардың да генетикалық болмысында болатынын анықтадық. Аталмыш генді қалпына келтіру арқылы адамның ғұмырын ұзартуға болады», – деп түсіндіреді Болон университеті арнайы медицина мен диагностика кафедрасының доценті Паоло Гараньяни.
Жоғары аталған екі ген ағзаны мутациялаудан қорғап, түрлі аурулардан қорғануға көмектеседі.
«Зерттеу көрсеткендей, ДНК-ны қалпына келтіру арқылы адамның ұзақ өмір сүруіне жағдай жасауға болады», – дейді ғалым.