Түркістанда Яссы бағы бой көтереді
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бас күмбезі жаңартылды. Енді кесене маңы абаттандырылып, сәулетті бақ бой көтермек. Мұны ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халық алдында есеп беруде айтты.
Министрдің айтуынша, Түркістанның тарихи орталығын қалпына келтіру бойынша тұжырымдық жоспар дайындалды.
«Әзірет Сұлтан музей-қорығының бар нысаны жаңартылады. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бас күмбезі жаңартылды. Ғимаратты салу дәстүрі сақталды. Қазақ хандарының резиденциясы болған – Үлкен Ақсарай залы ұлттық нақышпен қалпына келтірілді«, – дейді Ақтоты Райымқұлова.
Енді кесене маңын абаттандыру жұмыстары қалды.
«Соның шеңберінде көлеңкелі дәліздерді, орындықтарды орналастыру, сондай-ақ кесененің бүкіл аумағын ландшафтық сәулетпен, субұрқақтармен, ашық айвандармен (далан) жақсарту арқылы келушілер үшін қолайлы жағдай жасалады. Сондай-ақ Яссы бағын құру көзделеді және осылайша тарихи ландшафтты жандандыру жоспарлануда«, – деді ведомство басшысы.