Қоғам

Ел азаматтарының коммуналды қызметке қарызы өсіп барады

Қазақстан азаматтардың коммуналды қызметпен қамтушы компанияларға 15 млрд теңге қарыз екен. Былтырдан бері қарыз 600 млн теңгеге дейін өскен.

Мұны ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.

«Шымкент тұрғындарының қарызы бәрінен көп. 3 млрд теңге қарыз. Елорда тұрғындары 2,5 млрд теңге, Қызылорда облысы 1,2 млрд теңге, Маңғыстау облысы – 1 млрд теңге қарыз. Қазір облыс әкімдіктері қарызды азайту үшін борышкерлермен жұмысты күшейтпек», – дейді министр.

Ал энергетика министрлігі бұған алаңдаулы. Өйткені жылыту маусымы мен энергия тасымалдау қызметіне нұқсан келуі мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button