Мәдениет

Әбілхан Қастеевтің туындысы граффити оммаж үлгісінде бейнеленді

Алматы қаласында ерекше бір арт-жобаның тұсауы кесілді. Аталған жобада қазақтың ұлттық кескіндеме мектебінің негізін қалаушы Әбілхан Қастеевтің «Түрксіб» туындысы негізінде оммаж жасалды. Бұл жобаны «Эфес Қазақстан» компаниясы Алматының танымал «Repas» атты граффити-қауымдастығымен бірігіп, тұсауын кесті.

Өткен жылы «Эфес Қазақстан» компаниясы Алматы қаласының ортасындағы жаңа кеңсесін ашты. Компания жаңа кеңсені қазақ жеріне, қазақ елінің салт-дәстүрі және мәдениетіне деген шексіз құрметін білдіру мақсатында әдеттегіден тыс әдіспен безендіруді қалады. Компанияның өзгеше жобасын Алматының «Repas» атты танымал граффити-қауымдастығының суретшілері қолға алып, танымал суретші Әбілхан Қастеевтің «Түрксіб» картинасына қарап, Түрксіб темір жолы құрылысының жобасын граффити оммаж ретінде бейнеледі.

Компанияның кеңсесінде граффити жасауға 2 суретші қатысты, бір оператор белсенді көмек көрсетті. Суретшілер 100 аэрозоль баллоны мен 20 литр эмульсия жұмсап, нәтижесінде 50 шаршы метр қабырғаны граффитимен безендірді.

«Компанияның ең басты мақсаты адамдарды Қазақстанда жасалған дүниені мақтан тұтуға итермелеу болатын. Біз қазақ елі ат салысқан  алғашқы темір жолы магистралінің құрылысы секілді Қазақстанның тарихына жол сілтейтін урбан-мәдениеттің қызықты заманауи объектісін жасауға ұмтылдық. Бұл бастаманы жүзеге асыру арқылы біз заманауи өнердің жаңа дамып келе жатқан бағыттарының біріне қолдау көрсетіп, қазақ жеріне, оның салт-дәстүрі және мәдениетіне деген құрметті көрсеткіміз келді», – дейді «Эфес Казахстан» компаниясының маркетинг департаментінің директоры Зейнеп Эркан Альп.

«Жаңа жобаны «Эфес Қазақстан» компаниясымен талқылағаннан кейін біз шамамен жарты жыл шабыт көзін іздеп, оны осы суреттен таптық. Біздің ойымызша, ол жобаның философиясы мен идеясына сай келеді. Себебі «Түрксіб» суреті – бұл ескінің кетіп, жаңа жарқын болашақтың келунің белгісі. Бұл суретті түрлі суретшілер қаланың ғимараттарында, көрмелерде бейнелеген болатын, бірақ оның бәрі классикалық форматты ұстанған. Оны біз сияқты ешкім суреттеп көрген емес. Арт-объектіні жасауға бір айға жуық уақыт жұмсадық. Тіпті, түнгі уақытта та жұмыс істедік. Біз көше суретшілері ретінде суреттің рухын өзіміздің заманауи көзқарасымыз бен түсінігіміз бойынша бейнеледік», – деп пікірімен бөлісті Repas көше суретшілері ұйымының негізін қалаушылардың бірі Андрей Репас.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button