Ғылым

«Бауыздауды үйренген»: 700 мың жыл бұрын балалар қалай өмір сүрді?

Археологтар мен тарихшылар адамзаттың ежелгі тарихына қызығушылық білдіреді. Ал Эфиопияда табылған тіршілік иелерінің аяқ іздері антропологтарды да ерекше сезімге бөледі. Біз бұл арқылы сол уақытта ересек адамдардан бөлек балалардың қалай өмір сүргендігін біле аламыз.

Алайда табылған жаратылысты адам деп айту мүмкін емес. Өйткені саналы адам жер бетінде осыдан 140 мың жыл бұрын пайда болды. Ал табылған аяқ іздері Homo erectus деп аталатын тіршілік иелеріне тән. Ол еңбек құралдарын қолдана білді және сөйлей алды.

Бұдан шамамен 700 мың жыл бұрын бір топ адам (оның ішінде балалар да бар) африкалық алқап арқылы су қоймасының жанынан өткен. Суға жақын жүрген олар балшық жермен жүріп, артында із қалдырған. Алайда біраз уақыттан кейін бұл жерде жанартау атқылап, тіршілік иелерінің аяқ іздері көрінбей кетті. Бұл іздердің арасында балалардың да аяқ іздері бар болып шықты.

Жай ғана аяқ іздері тас дәуіріндегі балалардың өмірі туралы не айта алады деп ойлатын шығарсыз. Алайда бұл –  өте кішкентай балалардың іздері. Ата-аналардың балаларын балшықпен жүргізуі – үйде оларға қарап қалатын адамның болмағанын көрсетеді. Біле білсеңіз, палеолит дәуірінде адамдар түгел отбасымен жейтін азық іздеуге аттанған. Балалар кішкене кезінен шынайы өмірге бой үйрете бастаған, олар ылғи қауіп-қатердің арасында жүрген. Бір топ адамның аяқ іздері табылған жерге жақын мекеннен еңбек құралымен бауыздалған аңдардың қалдықтары да табылған болатын. Бұдан «ересектер балаларға жануарлардың өліктерін қалай дұрыс кесуді көрсетті» деген қорытынды шығаруға болады.

Ол кездің балаларында бейқам балалық шақ болмады. Тас дәуірінде өмір сүрген адамдар балаларға үлкендермен бірдей қарады. Олар ересектерден аз көлемді жұмыс істейтіндіктерімен ғана ерекшеленді. Бұлай болмағанда олар мүмкін аман қалмас па еді?!

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button