Ғылым

NASA дабыл қағуда: Балқаш та Арал теңізінің тағдырын кеше ме?

Биыл 3 миллионнан астам адам Балқаштағы судың таяздығынан зардап шегіп жатыр. Орталық Азиядағы ең үлкен көлдің көгілдір суы бүгінде жасыл-қоңыр түске айналған.

Ғарыштан түсірілген көріністе Балқаш дренажды бассейні жұқа көк тамырлары бар жүрекке ұқсайды. Көлге жеті өзен келіп құяды. Ондаған жыл бойы Балқашқа су булануының жоғарылауы мен ауылшаруашылығына арналған судың тартылуы қаупі төндірген еді.

Балқаш – ауданы бойынша әлемдегі он бесінші үлкен көл. Қазір Іле өзені көл суының төрттен үшінен астам бөлігін құрайтын шешуші орталыққа айналды.

Іле өзенінің Қытайдың солтүстік-батыс бөлігіндегі ағыны 1970 жылдан бастап азая бастады. Сәйкесінше кейінгі жиырма жылда Қытайдың Іле өзенінің бойындағы егін еккен аумағы 30%-ға дейін өскен болатын.

Суды тиімді пайдаланатын ирригациялық жүйелердің болмауы су балансы проблемасын күшейтеді. Қазақстанда және солтүстік Қытайда дамып келе жатқан тау-кен өнеркәсібі бар.

Caspian Policy Center мәліметі бойынша, «Балқаш тау-кен металлургия зауыты жыл сайын 600 мың тоннаға жуық өндірістік қалдықтарды, соның ішінде қорғасын, мырыш және мыс қалдықтарын көлге төгеді». 

Балқаш көлінің жоғалуы көп кездесе бермейтін тіршілік иелерінің азаюына әкеледі. Көл бассейнінде жер шарында мүлдем кездеспейтін 60-тан астам өсімдік түрі, жойылып кету қаупі бар 12 құс және балықтың 6 түрі бар. Балқаштың шығыс бөлігі – тұзды, ал батыс бөлігі – тұщы. Алайда олар бүгінде лай суға айналып отыр. Сондықтан мұндағы біраз уақыттан бері тіршілік етіп жатқан жануарлар осындай өзгерістерге тап болды.

Сарапшылар Балқаш көлі Арал теңізінің тағдырын кеше ме деп қорқады.

«Менің ойымша, Іле атырабындағы жерлер осыдан 50 жыл бұрыңғы Арал маңындағы сулы-батпақты жерлерге ұқсайды», – деді Грайфсвальд Университетінің маманы Нильс Тевс NASA-ға берген сұқпатында.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button