Мәдениет

Top-5: Тамыз айында қандай фильмдер жарық көреді?

Тамыз айында жарық көретін үздік фильмдер тізбегін ұсынамыз.

«Жендет отряды: Өткір миссия» фильмі

Рөлдерде: Марго Робби, Идрис Эльба, Джон Сина, Юэль Киннаман, Джай Кортни, Питер Капальди, Давид Дастмалчян және басқалары.

Жанр: фантастика, боевик

«Бель Рив» – ерекше қабілеттері бар қылмыскерлер түрмесі. Бұл жер өте қорқынышты, тіпті, түрмедегілердің өзі мұны тозаққа теңейді. Мұнда адамзатқа қауіп төндіретін «Жендет отряды» қалыптасса не болады…

Шығатын уақыты: 5 тамыз

«Тыныс алма-2» фильмі

Рөлдерде: Стивен Лэнг, Брендан Секстон III, Стефани Арсила, Бобби Шофилд, Рокки Уильямс, Стеффан Родри және басқалары.

Жанр: ужас

Қан-төгістен кейін Норман тыныштық тапқандай болды. Алайда жасаған күнәлардан арылу ол ойлағандай оңай емес еді.

Шығатын уақыты: 12 тамыз

«Басты кейіпкер» фильмі

Рөлдерде: Райан Рейнольдс, Тайка Вайтити, Джоди Комер, Джо Кири, Лил Рел Ховери, Уткарш Амбудкар және басқалары.

Жанр: комедия

Фильмнің басты кейіпкері – өмірі әдеттегідей өтіп жатқан банктің қызметкері. Бір күні ол өзін қоршаған әлемнің үлкен видеоойынның бір бөлшегі екенін түсінеді. «Труман шоуы» фильмі есіңізде шығар. Бұл туынды соған ұқсайды.

Шығатын уақыты: 12 тамыз

«Мені шындықпен алда» фильмі

Рөлдерде: Дарья Мельникова, Евгений Романцов, Павел Прилучный, Елизавета Кононова, Александр Обласов, Григорий Верник және басқалары.

Жанр: драма

Бір-бірін жақсы көретін қыз бен жігіт бірге уақыт өткізу үшін қала сыртына жолға шығады. Олардың жоспарын кенеттен келген сіңілісі мен қыздың бұрынғы жігіті бұзады. Қызғаныш өліммен аяқталуы да мүмкін…

Шығатын уақыты: 19 тамыз

«Жасыл Рыцарь туралы аңыз» фильмі

Рөлдерде: Дев Патель, Алисия Викандер, Джоэл Эдгертон, Сарита Чоудри, Шон Харрис, Кейт Дики, Барри Кеоган, Эрин Келлиман, Хелена Браун және басқалары.

Жанр: фантастика

Сэр Гавейн Жасыл Рыцарьдың шақыруын қабыл алады. Нәтижесінде ол Дөңгелек үстелдің рыцарына айналып, қауіпті тапсырмаларды орындау үшін Камелоттан кетуге мәжбүр болады.

Шығатын уақыты: 26 тамыз

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button