Технология

Tesla басқа электромобильдерге өз желісін таратады

Teslaның зарядтау станциялар желісі 2021 жылдың соңына дейін басқа да электромобильдерге қолжетімді болады.

Ол үшін компанияға адаптер жасап, мобильді қосымшаны өзгерту керек. Илон Маск электромобильдерді зарядтауға арналған жеке коннекторын не себепті құрғанын твиттерінде түсіндірді. Жылдың соңына дейін компания Tesla Supercharger желісін басқа брендтерге ашуы үшін құрғанын айтты.

Tesla бүкіл әлем бойынша 25 мыңнан астам электр зарядтау станцияларын орнатқан. Олардың тиімді жағы, автокөлігіңізді 200 мильдік сапарға 15 минут ішінде зарядтай аласыз. Алдағы уақытта компания Ресейде бес станция ашуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ АҚШ-та кез келген электромобильді зарядтауға болатын Aerovirasion, ChargePoint, Electrify America, Volta, eVgo, Sema және басқа да желілер жұмыс істейді.

Егер Tesla АҚШ-тағы өзінің зарядтау станцияларын басқаларға тарататын болса, онда ол үкіметтік гранттар мен салық жеңілдіктерін алуы мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button