Бөтелкеге құйылған су құбырдағы судан мың есе қауіпті
Бөтелкені өндіру мен оған су құюға кететін қаржы құбыр салып, ауыз су тартқаннан әлдеқайда қымбат. Нақтырақ айтса, шығын 3500 есе көп.
Осылай дейді испан ғалымдары. Олар бөтелке суды өндірген тиімді ме әлде құбыр тартқан тиімді ме деген сауалға жауап іздеп, зерттеу жүргізген екен. Түрлі есептеулерден кейін ғалымдар бөтелке суды өндіруге кететін шығын мен ресурс құбыр суды тартуға қарағанда 3500 есе көп кететінін анықтаған. Ал бөткені өндіруге кететін шығын 1400 есе көп.
Оның үстіне, пластик бөтелке экология мен экожүйеге өлшеусіз шығын келтіріп жатыр. Әсіресе, соңғы уақытта пластик бөтелкенің өндірісі қарқын алып, әлемдік экодағдарысқа әкелуде.
Ал тұрғындар құбырдағы суды ішкісі келмейді. Оны дезинфекциялайтын химиялық заттар ауыз суды бүлдіреді, содан ауру тарайды деп ойлайды. Сондықтан бөтелке суды алушылар көп.
Испан ғалымдарының айтуынша, ел үкіметі бөтелкедегі суды қаржыландыру көп көңіл бөлгенше, құбыр салып, ауыз су тартуды қолға алғаны әлдеқайда тиімді дейді.
Мәселен, құбырдағы суда дезинфекциядан түскен тригалометан болуы мүмкін. Ол қуық безінің қабынуына, қатерлі ісігіне әкелуі мүмкін. Бірақ құбыр мен ондағы суды тазаласа, адам денсаулығына қауіпті зиянкестің бәрін құртуға болады екен. Оны Барселона ғалымдары өз қаласының су құбырын тексере жүріп көз жеткізген.
«Сондықтан бөтелкеден келген зиянды кетіруге қарағанда, құбыр суды тазалаған әлдеқайда дұрыс» дейді испан ғалымдары.