Жаңалықтар
Қазақстанда көмір қымбаттайды
Күзге таяу елде көмір қымбаттайды. Осылай дейді ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі.
«Көмір өндіруші кәсіпорындардың шығынын есептей келе биыл көмір бағасының өсетініне көз жеткіздік. Электрэнергия, жанар-жағармайға шығын өсті, шахта қондырғыларының бағасы 1,6 есе қымбаттады. Сондай-ақ, кәсіпорын жұмысшыларының еңбекақысы да көбейтілді», – деп түсіндірді министрлік.
Сарапшылардың есептеуінше, биыл көмір бағасы шамамен 9,9-24 пайыз аралығында қымбаттамақ. Бәрі көмір маркасына байланысты.
«Мемлекет нарықтық қатынастағы саланың баға ұстанымын ұстап тұра алмайды. Қазақстанда көмір өндірісі монополияға жатпайды. Көмір шахтадан алынып, тауарлық биржа бағасымен сатылады», – деп түсініктеме берді министрлік.