Жаңалықтар

Бақыт Сұлтанов: Көкөністі көрші елге сатуды шектеу қажет

Елдің Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов көкөніс пен жеміс-жидектің бағасын түсіру мен оны қалыпты жағдайда ұстаудың жолдарын ұсынды.

Оның айтуынша, ең алдымен шекараға шектеу қойған жөн.

«Күз айларында көрші елдерден біздің көкөністі сатып алуға сұраныс көбейеді. Ішкі нарықты тауар шетелге кетіп қалмас үшін шекаралық квота енгізу керек. Сонда экспортқа шығарылған тауарды бақылауда ұстаймыз», – дейді министр.

Көкөністі арзандатудың тағы бір жолы – мол қорын жинап, қысқа сақтау. Ал ол үшін қамба мен қойманы ретке келтіру қажет. Оның сөзінше, елдегі қойманың көбі ескі, жөндеуді қажет етеді.

«Сол үшін субсидияның 25 пайыздан 50 пайызға дейін көбейтіп, диқандарға қор жинауға көмектесу керек», – дейді Сұлтанов.

Бағаны арзандату үшін әкімдік тарапынан бизнеске бақылау орнатылу керек. Олар алыпсатарлық пен бағаны негізсіз өсіруге қарсы тұрмақ.

«Сондай-ақ, тұрақтандыру қорының жұмысын жандандырып, тауарларды ауыстыру қажет. Қорды дұрыс бағытта пайдаланған маңызды. Былтыр бағасы онсыз да тұрақты тауарларды қорға сатып алған жағдайлар болған. Мәселен, қор қаржысының 37 пайызы ұнды сатып алуға кеткен. Ал ұнның бағасы бізде тұрақты», – дейді министр.

Ұқсас мақалалар

Back to top button