Қоғам

11 қаңтарда президент Қазақстан жаңа үкіметінің құрамын ұсынады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда Парламентке Қазақстан үкіметінің жаңа құрамы туралы ұсынысын енгізеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы ҰҚШҰ сессиясында мәлімдеді.

Мемлекет басшысы мемлекеттік органдар Қазақстандағы жағдай тұрақталуы үшін бар күшін салып, жұмыс істеп жатқанын айтты.

«Ертең (11 қаңтарда – еск.) Парламентке үкіметтің жаңа құрамы туралы ұсыныс енгіземін және әлеуметтік-экономикалық саладағы өткір мәселелерді шешу туралы нақты тапсырмалар беремін», – деді Президент.

Дереккөз
Дереккөз

Ұқсас мақалалар

Back to top button