Бизнес

Қазақша жазып, төлем жаса: Қазақстанда жаңа жоба іске қосылды!

Форте банк қазақстандықтар үшін жеңіл әрі тиімді, қазақ әріптері бар «ForteKey» пернетақтасын ұсынады. Бұл еліміздегі банк қызметтерін мессенджерде отырып қана жүргізуге болатын тұңғыш жоба.

ForteKey – әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қолданушының пернетақтасы арқылы Forte қызметтерін пайдалануға мүмкіндік беретін сервис.

ForteKey тек банк қызметтерін орындап қана қоймай, қазақ тіліндегі төл әріптері бар пернетақтаны пайдалануға жағдай жасап отыр. 

Смартфондардың бәрінде бірдей қазақтың төл әріптері бар пернетақта жоқ. Мәселен Apple өнімдерін (iPhone) пайдаланатындар онлайн-дүкен арқылы басқа пернетақтаны жүктеп алуға мәжбүр болады. Ал ForteKey бұл мәселені шешіп қана қоймай, банк қызметтерін де бір уақытта жүзеге асыратын сервисті іске қосты.

Бұрын арнайы банктің мобильді қосымшасына кіріп, сол жердегі функция арқылы төлем жасап, аударым жасап келген болсаңыз, енді оны ұмытыңызForteKey сізге әлеуметтік желіде, мессенджерде отырып бұл қызметтерді орындауға таптырмас сервис.

ХХІ ғасыр – ақпарат пен жаңа технологияның дәуірі. Қазір заман дамыған сайын ата-аналарымыздың, ата-әжелеріміздің смартфонды пайдалануы қиындай түсті. Алайда бұл мәселенің де шешімі табылды. ForteKey арқылы үлкендер де қарапайым whatsapp-та отырып немересіне бірлік жібере алады, төлем де жасай алады.

Қазақша жазып, төлем жаса! Сен – ерекшесің! Сенде ForteKey бар! 

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button