Бизнес
Қазақстанда автокөлік сатылымы өсті
2021 жылдың қаңтары мен сәуірі аралығында елде 34 199 жаңа көлік сатылған. Оның ішінде жеңіл де, ауыры мен автобусы да бар.
Қазақстан автобизнес қауымдастығының мәліметінше, 2021 жылы сәуір айының өзінде-ақ 10 мыңға жуық көлік сатылған екен. Ал 4 айдың ішінде барлығы 34 мыңнан аса көлік сатылып кеткен.
Айта кеткен жөн, былтыр осы уақытта елде небары 1 мың автокөлік қана сатылған. Пандемия мен локдаунға байланысты солай болып қалды.
Сатылым жағынан бірінші орында тұрған көлік – бұл Chevrolet. Кейін Hyundai мен Toyota тұр. Сәуір айында Chevrolet-тің 2 652 данасы, Hyundai-дің 2 302-сі, Toyota-ның 1 233 данасы сатылыпты.
Ары қарай Kia (761 көлік), Volkswagen (407 көлік) тұр.