Бизнес

Қазақстандық Forbes: Елдің бай әулеттері 10 жылда қанша ауқат көтерді?

Биыл Қазақстандық Forbes-ке 10 жыл толады. Алғаш рет бұл рейтингті жасау 2012 жылы басталған.

Арадағы он жылдықта елдегі бай адамдардың рейтингісі аса өзгере қойған жоқ. Бірінші орында әлі күнге дейін «KAZ Minerals» компаниялары тобының президенті әрі акционері Владимир Ким тұр. Оның қазіргі байлығы – 4,7 млрд долларға тең.

Рейтингтен байқағанымыздай, Владимир Ким он жылдың ішінде 1,2 млрд доллар ауқат «көтерген» екен.

Ал Болат Өтемұратовтың байлығы екі есе көбейген.

Тимур мен Динара Құлыбаевтардың байлығы бірдей әрі 10 жылда 2,5 есе өскен.

«BSB Қаржылық-өндірістік корпорациясының» президенті Рашит Сәрсенов керісінше екі есе байлығынан айырылған.

Есесіне, Fincraft Resources пен Net Elemen холдингінің төрағасы Кеңес Рақышевтің байлығы төрт есе көбейіп, 950 млн долларға жетті.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button