Бай әрі атақты адамдар кітап оқуды әдеттеріне айналдырған. Qadam.asia редакциясы әйгілі 4 компанияның негізін қалаушылары оқыған және басқаларға да оқуға кеңес берген кітаптар тізімін ұсынбақ.
Марк Цукерберг – Facebook компаниясының негізін қалаушы
2015 жылы Марк Цукерберг Facebook желісіндегі парақшасында араға 2 апта салып қызықты кітаптар туралы жазып жүрді. Нәтижесінде біршама туындының тізімі пайда болды. Солардың бесеуін ұсынбақпыз.
- «Шексіздіктің бастауы» (Дэвид Дойч)
- «Әлемдік тәртіп» (Генри Киссинджер)
- «Рационалды оптимист» (Мэтт Ридли)
- «Ең жақсысы бізде» (Стивен Пинкер)
- «Оруэлдің кегі» (Питер Хубер)
Илон Маск – SpaceX компаниясының директоры
Илон Масктен зымыранды құрастыруды қайдан үйрендің деп сұраса, ылғи «мен кітап оқимын» деп жауап береді екен. Бұл – адамдарға оқудың пайдалы екенін дәлелдеу секілді көрінеді. Илон Маск кітаптардың тізімін өзі ұсынған жоқ. Десе де сұқпаттар мен әртүрлі кездесулерде осы кітаптар туралы жиі айтады.
- «Сақиналар әміршісі» (Джон Р.Р. Толкин)
- «Бенджамин Франклин: америкадағы өмір» (Уолтер Айзексон
- «Суперинтеллект: жолдары, төнетін қауіп пен стратегия» (Ник Бостром)
- «Ай – қатігез қожайын» (Роберт Хайнлайн)
- «Адамзаттың соңғы жаңалығы» (Джеймс Баррат)
Билл Гейтс – Microsoft компаниясының негізін қалаушылардың бірі
Билл Гейтс жеке сайтында өзін шабыттандыратын кітаптар топтамасын ұсынады. Ол «кітап оқу – оқиғаны көз алдыңызға елестетуді жақсартатын әдіс» дейді. Гейтс ұсынған 5 кітапты оқыңыз.
- «Біз жасай алатын ең жақсы нәрсе» (Тхи Буй)
- «Көшкендер: Америка қаласындағы кедейлік пен байлық» (Мэтью Десмонд)
- «Маған сеніңіз: Махаббат, өлім және джаз балапандары туралы естелік» (Эдди Иззард)
- «Жанашыр» (Вьет Тхан Нгуен)
- «Энергия және өркениет: тарих» (Вацлав Смил)
Джефф Безос – Amazon интернет–компаниясын құрушы
Брэд Стоун «Джефф Безос және Amazon дәуірі» кітабының соңында Безостың қызметкерлеріне ұсынған кітаптарының тізімін ұсынады. Солардың ішіндегі үздік бестік.
- «Күннің қалған бөлігі» (Кадзуо Исисгуро)
- «Америкада жасалған. Wal-Mart-ты қалай құрдым» (Сэм Уолтон)
- «Шексіздіктен құралған. Болашаққа деген көзқарасы бар компанияның жетістігі» (Джим Коллинз)
- «Деректерге негізделген маркетинг» (Марк Джеффри)
- «Қара аққу. Керемет әсер» (Нассим Талеб)