Бизнес

Ақша мен уақытты үнемдеудің ең тиімді жолы қандай?

Біз коммуникация дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Біздің дәуірдің ең басты ерекшелігі – жылдамдық.

Интернеттің арқасында көптеген шаруамызды жылдам әрі оңай атқаруға мүмкіндік алдық. Бұл бізге ең  әуелі уақыт үнемдеуге сеп болды. Осының арқасында көп уақытымызды отбасымен бірге өткізуге жол ашылды.

Өркениеттің жаңа есігі ашылып, өмір сүруімізді жеңілдеткен интернеттің тіршілігімізді коммуникациялаудағы оң ықпалына тоқталып көрейік.

Уақыт үнемдеу

Біз бұрындары кез келген жұмысты атқаруда физикалық күшімізге сүйенуге мәжбүр едік. Өз кезегінде бұл көп энергия жұмсауға және уақытымыздың көп бөлігін сарп етуге себепкер болды. Ал, қазір интернеттің жетістіктерін пайдалануға мүмкіндік беретін түрлі гаджеттер, компьютерлік бағдарламалар, мобильді қосымшалар дүниеге келді. Біз кез келген шаруаны атқаруда уақыт үнемдей алатын болдық. Бұл адамдардың бос уақытының болуын, бос уақытын өзінің қызығушылықтарына жұмсауды, отбасымен көп уақыт өткізуді қамтамасыз етіп берді. 

Жұмыстың жеңілдеуі

Жұмысқа жарамды адамдар түрлі салада мейлінше өнімді еңбек етуді қалайды. Өз кәсіптерінің шыңына шыққысы келеді. Қазір жұмыс негізінен автоматтандыруға көшті. Компьютерлік бағдарламалардың арқасында бұрын қиын көрінген кез келген шаруа оңайласты. Бұл да интернеттің мол мүмкіндіктерінің жемісі. Біз уақыт үнемдеуді әрі жұмысымызды жеңілдетуді үйрендік. Жұмысымызды жеңілдететін жаңадан шыққан бағдарламаларды тез меңгеруге ұмтыламыз. Себебі, біз өзімізге тиімді тетіктер арқылы жұмысымызды жеңілдетуді және өнімді нәтиже көрсетуді қалаймыз.

Табысты басқару

Уақыт үнемдеу мен жұмысты жеңілдетуді меңгерген адамның табысы да өседі. Ал, табысты дұрыс басқара білу өте маңызды. Ақшамызды қайда сақтаймыз, қажет заттарымызды алу үшін қалай жинаймыз, қалай көбейтеміз? Қаржылық сауатты адам капиталды өздігінен көбейтудің жолы – банк қызметтері екенін жақсы біледі. Интернеттің арқысында банк қызметінің сапасы мен қауіпсіздігі артты, сондай-ақ, қаржыны бақылауға мол мүмкіндік алдық.

Біз жоғарыда уақыт үнемдеу, жұмысты жеңілдету және табысты басқару тетіктері туралы әңгімеледік. Елімізде капиталды пайдаға асыру бойынша көптеген тиімді бағдарламалар іске қосылған. Шотымыздағы қаржыны бақылауда ұстау, қолымыздағы смартфон арқылы банктік операцияларды жүзеге асыру, ақша аударымдарын жасау сынды дүниелер бізге таңсық емес.

Алайда, елімізде банктік операциялардың барлығын тіптен уақыт жоғалтпай, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жүзеге асыру тетігі іске қосылғанын біріміз білсек, біріміз білмейміз.

Жақында ғана іске қосылған ForteKey пернетақтасы – әлеуметтік желілер мен мессенджерлер де отырып-ақ, ақша аударымдары мен төлемдерді жасауды қарастырады. Енді Forte қосымшаларына ауыспай-ақ ақша аудару, төлем жасау немесе балансты қарау және оны кез келген жерде жасау мүмкіндігі туды. Whatsapp, telegram, instagram, facebook, вконтакте – осының бәрі сіздің төлем жасау алаңыңызға айналды.

Бұл ForteKey пернетақтасының басты ерекшелігі.

Сонымен қатар, біз үшін уақыт үнемдеу өте маңызды. Жақын адамыңызға ақша аудару керек болып қалды. Сіз мұны мүлде уақыт жоғалтпай жүзеге асыра аласыз. Мәселен, Whastapp-та отырып ешқандай қиындықсыз, ForteKey пернетақтасымен ақша аударымын жасай саласыз. Ол адамның карта нөмірін, қайда салу керектігін сұрап әуре болмай-ақ, бірден тіркелген телефон нөміріне аударуға болады.

Ақша аударымдары, есепшотты қарау, банктік тарихыңызды бақылап отыру, онлайн төлемдер жасау – мұның барлығын ForteKey арқылы жүзеге асыруға болады.

ForteKey пернетақтасы еліміздегі қолданыс аясы кең үш тілде – қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде қызмет көрсетеді. Ең бастысы – Мемлекеттік тілдің мәртебесіне ерекше назар аударылған. ForteKey арқылы сіз тек банк қызметтерін орындап қана қоймай, қазақ тіліндегі төл әріптері бар пернетақтаны пайдалануға мүмкіндік аласыз.

Ақша мен уақытты үнемдеудің ең тиімді жолы ForteKey пернетақтасы екеніне көзіңіз жеткен болар? ForteKey – ерекше адамдарға арналған бірегей сервис.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button