Бизнес

Джефф Безос Amazon акциясының бір бөлігін сатты

Amazon.com Inc компаниясының негізін салушы әрі директоры Джефф Безос осы аптада компанияның 2,5 млрд долларға тең акциясын сатып жіберді. Ал бір жылдың ішінде ол компанияның 9 млрд долларға тең акциясын сатқан екен.

Құнды қағаз және биржа жөніндегі комиссияның (SEC) дерегінше, Безос акциясының 740 мың данасын сатқан екен. Ал сатылымнан түскен ақшаның 1 млрд долларын өзінің Blue Origin атты аэроғарыш жобасын қаржыландыруға жұмсаған.

Былтыр ақпанда 4,1 млрд долларға, қазанда 3 млрд долларға акциясын сатқан екен.

«Жыл сайын акцияларымды сатып, одан түскен қаржыны Blue Origin жобасын дамытуға жұмсаймын» деген екен Amazon-ның басшысы.

Ал жазда ғарышкерлердің бір тобын космосқа аттандырып, содан түскен ақшаны қайырымдылыққа бөлмек. Бұл соманың көлемі – 100 млн доллар.

Айта кеткен жөн, осы жылдың күзінде Безос өзі негізін қалаған Amazon компаниясының басшылығынан кетеді. Бас директор қызметінен кетіп, директорлар кеңесінің міндетін атқарушы ғана боп қалмақ.

Amazon компаниясының қазіргі капитализациясы – 1,67 трлн доллар.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button