Бизнес

ForteKey неге ең тиімді қосымша деп мойындалған?

ForteKey пернетақтасы іске қосылғалы бері көп уақыт өткен жоқ. Алайда осы азғантай уақыт аралығында пернетақтаның игілігін көріп, тиімділігіне тәнті болған пікірлер көп айтылуда.

Android пен iOS үшін арнайы жасалған қосымша пернетақталар күн сайын дамып, пайдаланушылары да артып келеді. Дегенмен, түрлі ерекшеліктерді қамтитын пернетақталар өте көп. Үнемі пайдалану үшін солардың біреуін таңдау тіптен қиындады.

Қазақстандықтар үшін ең тиімді пернетақта ForteKey екені қазірдің өзінде дәлелденді. Әлемде кең тараған пернетақталардан ForteKey-дің ең басты ерекшелігі – әлеуметтік желіде отырып банк қызметін пайдалану мүмкіндігі.  

Бұл пернетақтаның пайдаланушылары банк қосымшаcына ауыспай-ақ ақша аудару, төлем жасау немесе балансты қарау сынды операцияларды әлеуметтік желіден шықпай жүзеге асыра алады. Whatsapp, telegram, instagram, facebook, вконтакте – осының бәрі сіздің төлем жасау алаңыңызға айналды.

ForteKey пернетақтасын барлық адамдар пайдалана алады. Тіптен Форте банктың клиенті болмасаңыз да ForteKey-ді пайдалануға мүмкіндігіңіз бар. Бірақ, Форте банктың клиенті болсаңыз одан да көп мүмкіндіктерге ие боласыз.

Халық үшін керегі оңай әрі тиімді, уақыт үнемдеуге қолайлы сервисті пайдалану. Форте банк бірегей пернетақтаны қосу арқылы осы істің үдесінен шықты.

Аз уақыттың ішінде ForteKey неліктен ең тиімді пернетақта деп мойындалды? Ең басты себеп, халыққа ыңғайлы сервис жарата білуде. Қазақстандықтар ең басты құндылық – уақытты үнемдеуге мүмкіндік алды.

Мәселен, сіз күніне орташа есеппен 10 рет қаржылық операция орындауыңыз мүмкін. Таңертең жұмысқа бару, түскі ас, балаларыңа ақша аудару, көлік тұрағына төлем жасау, дүкенге соғу, таксиге төлеу, тағысын тағы. Бұрын осының бәрін орындауға біршама уақыт жұмсайтын едік. Қазір ForteKey арқылы кез келген әлеуметтік желіде немесе мессенджерде отырып қаржылық операцияларды еш қиындықсыз орындай аласыз.

Біз ForteKey-дің арқасында уақыт үнемдеуді әрі жұмысымызды жеңілдетуді үйрендік. Әрине, кез келген адам өзіне тиімді тетіктер арқылы жұмысын жеңілдетуді және өнімді нәтиже көрсетуді қалайды.

Уақыт үнемдеу мен жұмысты жеңілдетуді меңгерген адамның табысы да өседі. Ал, табысты дұрыс басқара білу өте маңызды. Қаржылық сауатты адам капиталды өздігінен көбейтудің жолы – банк қызметтері екенін жақсы біледі. ForteKey пернетақтасының тиімділігінен банк қызметінің сапасы мен қауіпсіздігін әлеуметтік желіде отырып та тексеруге мол мүмкіндік алдық. Ендігі жерде бізге уақыт жоғалтпай-ақ қаржымызды бақылап отыру еш қиын емес.

Қазір елімізде банктік операциялардың барлығын тіптен уақыт жоғалтпай, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жүзеге асыру тетігі іске қосылғанын көп адам біледі. Сондықтан болар, пайдаланушылардың саны көбейіп келеді.

Халық қашанда таңдау құқығына ие. Және таңдаудың ForteKey-ге түсіп жатқанын көріп жүрміз. Уақыт үнемдеу, тиімділік, әлеуметтік желілерде отырып қаржылық операциялар орындау – бұл ForteKey пернетақтасының бірегей ерекшелігі.

ForteKey пернетақтасы еліміздегі қолданыс аясы кең үш тілде – қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде қызмет көрсетіп келеді. Ең бастысы Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге ерекше көңіл бөлінген. Әр тілге арналған T9 жүйесі де қарастырылған. Егер сөз қате жазылса, T9 дұрыстап беруге тырысады.  

Еліміздегі ең тиімді қосымша деп мойындалған ForteKey пернетақтасын пайдалануды бастадыңыз ба? Бәрі ForteKey-ді қолданып жатқанда, сіз де бірегей сервисті пайдаланып көріңіз.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button