Француздар Қазақстанда халал фуа-гра өндіргісі келеді
Француз инвесторлары Қазақстанға баламалы энергия, цифрландыру, ауыл шаруашылық салалары бойынша инвестиция құюға мүдделі.
Бұл компаниялардың арасында ерекше ұсыныс жасаған Loste Group компаниясы Қазақстанда халал фуа-гра өндіргісі келеді екен. Қазір Қазақстандағы серіктесімен келісіп жатыр.
Француз компаниясы келіссөздерін сәтті жүргізсе, Қазақстанда ет өңдеу зауытын салып, Ресей мен Қытай нарығына ет өнімдерін шығаруға қол жеткізуі мүмкін.
Анықтама
«LOSTE GROUP» – заманауи технологиялармен мал мен құстың етін өңдеуге, ет деликатесін өндіруге маманданған компания. 1992 жылы іргесі қаланған. Францияда 15 өндірістік алаңы бар. Аустралия, Италия, Ұлыбритания, Малайзия, Сингапур, Гонконг, Тайланд, БАӘ сынды 12 мемлекетте дистрибьютерлік филиалы бар. Өнімінің әлемнің 60 мемлекетіне экспорттайды.
Фуа-гра – француз ұлтының ұлттық тағамына айналған деликатес.