Бизнес

Интернетте қауіпсіз төлем жасауды үйренейік

Ақшаны қалтада ұстап жүретін заман өтті. Қазір бәріміз төлемді немесе ақша аудару секілді қызметтерді банк картасы арқылы жасаймыз. Алайда алаяқтардың алдауына түсіп, ақшамыздан айырылып қаламыз. Не істеу керек?

Осы қиындықтарды шешу үшін, OLX сарапшылары ұсынған интернетте қауіпсіз төлем жасауды бірге үйренейік.

Сізге төлем жасаудың бірнеше қызметін ұсынбайтын интернет-дүкендерді пайдаланбаңыз.

Төлем жасауға керек ақпараттарды тек қана тексерілген, қауіпсіз сайтқа ғана енгізіңіз және https:// арқылы басталатын мекен-жайды таңдаңыз.

Банк картасындағы құпия ақпараттарды, есепшотты және кредит картасын ешкімге бермеңіз.

Сатушы туралы барлық ақпаратты тексеріңіз. Оның аккаунты қашан тіркелген, тауарлары қандай деген деректерді тексеруді ұмытпаңыз. Ең дұрысы хабарласып, телефон арқылы сауда жасаңыз.

Алдын ала төлем жасамаңыз. Тапсырысты алып, толық тексеруден өткізгеннен кейін ғана есептесіңіз.

Төлем жасау үшін банк картасының нөмірі мен оның жарамдылық мерзімін ғана айту жеткілікті.  Сондықтан картаңызды суретке түсіріп жіберудің қажеті жоқ.

Кез келген интернет-дүкенде сауда жасаған кезде ең бірінші пікірлерді де қарауды ұмытпаңыз. Себебі онда алаяқтарға ұрынғандар болса, сол туралы ақпаратты қалдырып кетеді.

Есертке кету керек, OLX-те “жеткізу” және “жалға беру” қызметі жоқ. Алаяқтардың алдауына түсіп қалмаңыз. Алаяқтар бұрыннан танымал онлайн-сервистердің: банктердің, қаржы компанияларының немесе интернет-дүкендердің сайттарына қатты ұқсас сайттар жасайды. Егер сіз ол сайтқа карта деректерін енгізсеңіз, онда ол ақпарат алаяқтардың қолына түседі.

OLX сарапшылары алаяқтарға алданып қалмас үшін, тексерілген сайтта немесе интернет-дүкенде ғана сауда жасауды ұсынады.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button