БизнесТехнология
КӘСІПКЕРДЕН КЕҢЕС: УАҚЫТТЫ БАСҚАРУДЫҢ 5 ҚҰПИЯСЫ
Бүгін біздің айдарымыздың кейіпкері Қадам Медиа, сондай-ақ, Қадам шығармашылық орталықтарының негізін қалаушы – Айнұр Қалдығұлова. Ол энергияны үнемдеу және уақытты ақылмен пайдалану құпияларымен бөліседі.
- Мен күнімді, аптамды, айымды жоспарлаймын, барлық кездесулерді, жобаларды тапсыру мерзімдерін телефоныма жазып жүремін. Әдетте, телефонымда менің кестемді реттейтін және алдағы істерді еске түсіретін қосымша бар. Мен қағаз күнделіктерге жоспар жазғанды жақсы көремін, бірақ қазір біз телефонды өзімізбен бірге алып жүретіндіктен, барлық жазбаларымды сонда сақтаймын.
- Менің күнделікті кестемде әрқашан спортқа уақыт табылады, өйткені бұл денені ғана емес, ақыл-ойды да тәртіпке келтіреді. Кез келген спорт түрі стресс деңгейін төмендетуде жақсы жұмыс істейтіні ғылыми дәлелденген. Жаттығу кезінде мен жақсы музыка тыңдағанды ұнатамын, маған дыбыс сапасы маңызды және бұл жерде, әрине, менің таңдауым Honor X9b смартфонына түсті. Оның көлемді дыбысы ғана емес, сонымен қатар, сізді массадан ерекшелендіретін өте әдемі дизайны бар. Экспрессивті түстер мен ыңғайлы эргономика бұл смартфонды функционалды ғана емес, сонымен қатар қолдануға ыңғайлы етеді. Сіздің кестеңізде де 30 минут жаттығу жасауға уақыт болу керек, тек осылайша сіз басқа салаларда жетістікке жете аласыз.
- Күні бойы менің көптеген орындайтын істерім, кездесулерім бар, сондықтан үнемі камераға бірдеңе түсіру, жазбаларға ескертпелер жазу, сондай-ақ мессенджерлерде хат алмасу өте маңызды. Мен телефон қуаттағыштарын өзіммен алып жүруді ұнатпаймын, сондықтан бірден жоғары сапалы батарея сыйымдылығы бар телефонды сатып алдым. Менің смартфонымда 5800 мАсағ бар, демек, мен күні бойы әлеуметтік желілерді, камераны, мессенджерлерді белсенді қолданамын және ол үшін телефонды үнемі қуаттаудың қажеті жоқ. Айтпақшы, бұл уақытты үнемдейді, өйткені қуаттағышты іздеп әуре болмайсың. Қазіргі уақытта мәселелерді шешу үшін бәрін оңтайландыру маңызды.
- Мен сондай-ақ университетте оқытушымын, бұл медиа факультетінің студенттерімен тұрақты түсірілімдер жасауды қажет етеді. Олар, әрине, кәсіби камераға түсіреді, мен 3 есе оптикалық зуммен және қозғалысты түсіру функциясымен жабдықталған телефонды қолданамын. Бұл стандартты емес жағдайларда да көптеген бөлшектермен айқын суреттер жасауға мүмкіндік береді. Фотосуреттер мен бейнелер біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып кеткен, біз оны әлеуметтік желілерді жүргізу және өз брендімізді құру үшін пайдаланамыз. Менде үнемі контент жасауға уақыт жетпейтіндіктен, сабақ барысында мен көптеген қызықты фотосуреттер түсіремін. Уақытты ұтымды пайдаланамын. Менің смартфонымның маған көмектесетін ерекшеліктерінің бірі – үлкен дисплейі. Ол уақытты тиімді басқаруға көмектесетін ыңғайлы навигация мен өнімділік қосымшаларымен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
- Біз қарбалас уақытта өмір сүріп жатырмыз, үнемі асығыс жүрген соң, бірдеңені жіберіп алудан, өткізіп алудан қорқамыз, әсіресе кәсіпкер болсаң солай. Кейде мен кеңседен кездесуге немесе үйден сыртқа тірліктермен асығыс шыққанда телефонымды жиі құлатып аламын. Телефонды жөндету, оны жаңарту тек қаржылық жағынан ғана емес, уақытты да қажет етеді. Сондықтан мұндай соққыларға төтеп беретін смартфонды таңдадым. Honor x9b смартфонымды бірнеше рет асфальтқа, спортзалда, кеңседе, үйде плиткаға құлатып алдым. Бірақ оның экраны соққыларға нағыз төзімділігімен мені баурап алды. Бұл, әрине, әрдайым асығыс жүретін мені таң қалдырды. Әйткенмен, телефон дегеніңіз шеге қағатын немесе темір соғатын құрал емес, сондықтан күтпеген ситуацияда телефонымызды сындырып алуымыз мүмкін, ал ең маңыздысы, Honor x9b смартфонын сатып алған күннен бастап 6 ай ішінде тегін жөндетуге болатын гарантиясы да беріледі.
Тайм менеджменттің басты құпиясы, әрине, телефон емес, сіздің өміріңізді жеңілдететін және көптеген мәселелерді шешетін барлық құралдарды пайдалана білу.