Кез келген жасқа арналған пернетақта
Күн сайын ақпарт пен технология дамып жатыр. Дамыған сайын нарық өзгеріп, жастар жаңа технологияны меңгеруге қабілетті болғанымен, орта жастағы және қарттар бұл қатардан қалып қойып жатыр. Оларға үйрету, көрсетіп беру секілді жұмыстарды немерелері істей алмайды. Себебі уақыт тапшы. Қазір қоғам ақша мен уақытқа тәуелді. Ал бұл мәселені қалай шешуге болады?
Әлемде орта жастағылар мен қарттардың жаңа технологияны меңгеруіне түрлі заманауи құрылғылар жасалып жатыр. Пайдасын көріп жатқандар бар. Ал Қазақстанда ше? Біздің елдегі қарттардың жаңа технологияны меңгеруге қандай мүмкіндік бар?
Осыған дейін жазғанымыздай Forte Bank әлемдегі ең керемет IT жобаның бірін Қазақстанда іске қосты.
Бұл жоба «Fortekey» деп аталатын, кез келген жасқа арналған қазақша әріптерді де пайдалануға мүмкіндік беретін пернетақта.
Пернетақтаны әлеуметтік жоба ретінде жасап шыққан банк, оның қай жастағы болсын қарттардың пайдалануына болатынын айтады. Атап айтқанда, пернетақта арқылы немересіне ақша жіберу, телефонына бірлік толтыру, банк қызметін үйден шықпай орындауға болатын операцияларды ата-әжеміз өздері-ақ орындай алады. Оларға тек смартфон және «Forte» мобильді қосымшасын жүктеп алу керек.
Whatsapp мессенджеріне отыратын қарттарға бұл таптырмас сервис. Себебі мессенджерде де, әлеуметтік желіде де отырып төлем жасай аласыз, банк қызметін пайдалана аласыз және бірлікті де толтыруға болады.